Прима Дистрибьюшн – Қазақстандағы ең ірі дистрибьюторлық компания. 30 жылдан астам уақыт бойы біз халық тұтынатын тауарларды елдің барлық ірі қалаларына жеткізіп қана қоймай, адамдардың өмірін бай әрі бақытты етуге тырысып келеміз.
Прима Дистрибьюшн компаниясының басты қағидаты – қызметкерлеріне қамқорлық көрсету. Қызметкерлердің әл-ауқаты мен жайлылығына назар аудару жұмыс процесін ұйымдастырудан бастап, кәсіби және тұлғалық дамуға мүмкіндік беруге дейін көрініс табады. Компанияда ішкі коучинг жүйесі енгізілген, бұл мамандардың біліктілігін арттырып, дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Қызметкерлердің корпоративтік өмірі де қызықты әрі мазмұнды: түрлі іс-шаралар, тимбилдингтер және басқа да жобалар ұйымшыл әрі достыққа негізделген ұжым құруға бағытталған. 20 және 10 жылдан астам тәжірибесі бар үздік қызметкерлер платина және алтын белгілерімен марапатталып, алғыс хаттарға ие болады. Осылайша, компания қызметкерлерін ынталандырып, үлгілі мысалдармен жетістікке ұмтылуға жігерлендіреді.
Прима Дистрибьюшн мұқтаж жандарды қолдауға бағытталған қайырымдылық бағдарламалары мен әлеуметтік жобаларға белсенді қатысады. Компания толық емес және көпбалалы отбасылардың балаларына қаржылық және ұйымдастырушылық көмек көрсетеді. Жыл сайын мұндай отбасылардың бірінші сыныпқа баратын балаларына қажетті кеңсе құралдарымен толтырылған мектеп сөмкелері табысталады, ал Жаңа жыл қарсаңында балалар дәмді сыйлықтар алады. Сондай-ақ, соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне қолдау көрсету игі дәстүрге айналды. «Ешкім ұмытылмайды, ешнәрсе елеусіз қалмайды» – бұл қағида батырлық, жанқиярлық пен туған елге деген шексіз сүйіспеншілік үшін алғысымызды білдірудің айқын көрінісі.
Өкінішке қарай, қазіргі заман қиындықсыз емес. Прима Дистрибьюшн су тасқынынан зардап шеккен қызметкерлердің отбасыларына қолдау көрсетті. Компания қаражаты табиғи апаттың салдарын жоюға және халықты қолдауға бағытталды.
2024 жылы Прима Дистрибьюшн Алматы қаласының экономикасын дамытуға қосқан үлесі үшін марапатқа ие болды. Салықтардың уақытылы төленуі ел бюджетінің толықтырылуына, әлеуметтік бағдарламалардың жүзеге асуына ықпал етеді: жолдар жөнделіп, инфрақұрылым дамып, мектептер, ауруханалар мен балабақшалар салынады, азаматтарға медициналық көмек көрсетіледі.
Компанияның әлеуметтік және экологиялық бастамаларға қатысуы қоғамның әл-ауқатын арттырып қана қоймай, елдің экономикалық дамуына да ықпал етеді.