Қазақстандықтар еліміздегі топ-10 жұмыс берушілерді анықтады. Kantar-TNS тәуелсіз зерттеу тобы Randstad және ANCOR компанияларының тапсырыстары бойынша жүргізген халықаралық Randstad employer brand research зерттеулеріне сәйкес Қазақстанның ең тартымды жұмыс берушісі ретінде ұлттық компаниялар арасында «Теңізшевройл», ал халықаралық компаниялар арасында LVMH танылды, – деп хабарлайды Kapital.kz іскерлік ақпарат орталығы.
Randstad employer brand research ережелеріне сәйкес, зерттеуге экономикалық маңызды салалардан персонал саны бойынша ірі компаниялар қатысқан.
Қазақстандағы 2020 жылғы зерттеу ондаған саланы қамтыды және ең тартымды жұмыс берушілерді анықтады.
2020 жылғы 6 қаңтардан бастап 6 ақпанға дейін сауалнамаға елдің әр түрлі аймақтарынан 18-65 жас аралығындағы 3500 респондент қатысқан. Іріктеу Қазақстанның жасы, жынысы, білім деңгейі және сауалнама сәтіндегі жұмыспен қамтылуы бойынша еңбекке жарамды халқын көрсетеді. Респонденттердің жауаптары жұмыс берушіні таңдаудың ең маңызды критерийлерін қалыптастырған. Еңбекке жарамды жастағы халық өкілдерінің көпшілігі үшін басты бес критерий: жақсы еңбек ақы төлемі (73%), компанияның қаржылық тұрақтылығы (55%), мансап жолындағы өсу мүмкіндігі (48%), ұсынылатын жұмыстың қызықты мазмұны (40%) және қолайлы жұмыс атмосферасы (39%) болып табылады.
Осы тұрғыда, жұмыс берушілер ұйымның мықты тұстары рейтингінің алғашқы үш орнына: қаржылық тұрақтылық, жақсы бедел мен инновацияға қояды.