Прима Дистрибьюшн компаниясы «Саланың мақтанышы 2023» номинациясының лауреаты атанды! Бұл марапат Қазақстанның сенімді және әлеуметтік маңызы бар кәсіпорындарын анықтау мақсатында Ұлттық ақпараттық-талдау орталығының бастамасымен тағайындалған. Бұл атақ компанияға ел экономикасын дамытуға қосқан елеулі үлесі, тиімді жұмысы және жоғары іскерлік беделі үшін берілді. Бұл – біздің командамыздың айрықша жетістіктері мен көрсетілетін қызметтердің сапасы үшін лайықты мойындалуы.
Біз жұмыс процестерін үздіксіз жетілдіруге ұмтыламыз, ал бұл марапат компанияның дұрыс бағытта екенін дәлелдейді. Прима командасы – өз мақсаттарына жету үшін еңбек етуге дайын жоғары деңгейлі мамандар.
«Саланың мақтанышы 2023» номинациясы бізді дамуды әрі қарай жалғастыруға және дистрибуция саласында көшбасшы болып қала беруге шабыттандырады. Бізге сенім артқан серіктестеріміз бен клиенттерімізге алғысымызды білдіреміз және барлығын сапалы қызметтерімізбен қуанта береміз деп уәде береміз.
Бұл жетістігімізді мақтан тұтамыз және қол жеткізген нәтижелермен тоқтап қалмайтынымызды айтамыз. Прима Дистрибьюшн компаниясын табысты және гүлденген етуге атсалысқан баршаңызға рахмет!